Размер шрифта:
Шахтинск қаласының педагогтері тамыз конференциясының секцияларында өзекті мәселелерді талқылады
25-08-2026 17:59
Шахтинск қаласының педагогтері тамыз конференциясының секцияларында өзекті мәселелерді талқылады
   Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік
орталығы «Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ бірлесіп, 2026 жылғы 25
тамызда Шахтинск қаласының «С. Сейфуллин атындағы мектеп-
гимназиясы» КММ базасында «ЖАҢА ХАЛЫҚТЫҚ КОНСТИТУЦИЯНЫҢ
НОРМАЛАРЫ МЕН ҚҰНДЫЛЫҒЫ: АДАМИ КАПИТАЛДЫ ДАМЫТУ -
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ» тақырыбында секция
отырыстарын өткізді.
   Секциялар жұмысына директорлар, директорлардың оқу-тәрбие жұмысы
жөніндегі орынбасарлары, кәсіптік бағдар берушілер, сондай-ақ қазақ тілі,
орыс тілі және ағылшын тілі, математика, физика, информатика, география,
тарих, биология, химия, дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық
пәні мұғалімдері қатысты.
   Отырыста білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен
2026-2027 оқу жылына арналған жұмыс жоспары қаралып, өткен оқу
жылындағы білім сапасының қорытындылары шығарылды, сондай-ақ
мектепішілік бақылауды жүргізу, «Адал азамат» бағдарламасы
құндылықтарын сабақпен ықпалдастыру мәселелері талқыланды.
Қатысушылар облыстық педагогтар қауымдастығының қызметіне және
аттестаттаудың негізгі аспектілеріне, мектепке дейінгі және бастауыш білім
берудің сабақтастығына, азаматтық бірегейлікті, құқықтық сананы,
экологиялық және ақпараттық мәдениетті қалыптастыруға, оқу сауаттылығы
мен сыни ойлауды дамытуға ерекше назар аударды.
   Кездесу ашық және сындарлы диалог жағдайында өтті, бұл
қатысушыларға еркін тәжірибе және пікір алмасуға мүмкіндік берді.
Қатысушылар кәсіби іс-қимылды дамытуға қызығушылық танытып, қаралған
тақырыптардың өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтті.