Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2026 жылғы 27–28 тамыз күндері «ЖАҢА ХАЛЫҚТЫҚ КОНСТИТУЦИЯНЫҢ НОРМАЛАРЫ МЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ: АДАМИ КАПИТАЛДЫ ДАМЫТУ – БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ» облыстық педагогтер тамыз конференциясы аясында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін 27 облыстық әдістемелік бірлестіктің қызмет бағыттары бойынша секциялық отырыстарды онлайн форматта өткізді.
Секциялық отырыстар барысында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Т.Г. Нартованың және колледждердің 30 жетекші педагогінің баяндамалары ұсынылды. Олар білім сапасын арттыру, ұлттық құндылықтар мен сапа стандарттарын кіріктіру, адами капиталды дамыту, болашақ мамандарды даярлаудың заманауи тәсілдерін қолдану, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын білім беру үдерісіне енгізу бағыттарындағы үздік тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар облыстық әдістемелік бірлестіктердің 2025–2026 оқу жылындағы қызметінің қорытындылары қаралып, 2026–2027 оқу жылына арналған міндеттер айқындалды, ОӘБ-тердің жұмыс жоспарлары ұсынылып, талқыланды.
Отырыстар соңында ашық пікірталастар мен «сұрақ-жауап» сессиялары ұйымдастырылып, оның барысында қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, проблемалық тұстарды атап, жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарын білдірді.
Секциялық отырыстарға Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 828 педагогы қатысты.





umc.krg@karagandyedu.kz


















