Размер шрифта:
Абай ауданында 21 бағыт бойынша педагогтердің тамыз кеңесінің секциялық отырыстары өтті
31-08-2026 12:22
Абай ауданында 21 бағыт бойынша педагогтердің тамыз кеңесінің секциялық отырыстары өтті

      2026 жылғы 28 тамызда Қарағанды облысының білім басқармасы мен Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Абай ауданы педагогтеріне арналған секциялық отырыстар өтті.

Секциялық отырыстар 21 бағыт бойынша ұйымдастырылып, оған аудандағы 27 мектептің және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты. Шара барысында 2026–2027 оқу жылындағы негізгі өзгерістер талқыланып, мұғалімдер өздерінің озық іс-тәжірибелерімен бөлісті.