Размер шрифта:
«Сабақты зерттеу» және «Іс-әрекеттегі зерттеу» – білім беру тәжірибесін жетілдіру құралы
27-08-2026 12:59
«Сабақты зерттеу» және «Іс-әрекеттегі зерттеу» – білім беру тәжірибесін жетілдіру  құралы
27.08.2026ж
   Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды
қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-лицейінің педагогтеріне арналған семинар
өткізді. Семинарға бастауыш сынып мұғалімдері, пән мұғалімдері және мектеп
директорының орынбасарлары қатысты.
   Семинардың негізгі мақсаты – педагогтердің сабақты зерттеу және іс-әрекеттегі
зерттеу жүргізу бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыру: мәселені анықтау және
зерттеу сұрағын қоюдан бастап, жоспарлау, деректерді жинау және талдау, нәтижелерді
анықтау және рефлексия жүргізуге дейінгі үдерісті меңгерту.
   Семинардың мазмұны ұйымдастырушылық, теориялық, практикалық және
қорытынды кезеңдерді қамтыды. Бұл теориялық білімді меңгеруден оны практикада
қолдануға біртіндеп көшуге мүмкіндік берді.
   Семинар барысында сабақты зерттеу цикліне ерекше назар аударылды: мәселені
анықтау, зерттеу сұрағын қою, жоспарлау, сабақты өткізу және бақылау, талдау және
рефлексия жүргізу.
   «Іс-әрекеттегі зерттеу» тақырыбының теориялық бөлімінде іс-әрекеттегі зерттеудің
мәні, мақсаттары, міндеттері, қағидаттары мен ерекшеліктері, сондай-ақ педагогтің өз
тәжірибесін зерттеуші ретіндегі рөлі қарастырылды.
Қорытынды кезеңде рефлексия жүргізіліп, оның барысында қатысушылар аталған
екі тәсілді өздерінің педагогикалық тәжірибесінде қолданудың алдағы қадамдарын
анықтады.
   Семинардың практикалық бағыттылығы педагогтердің зерттеушілік мәдениетін
дамытуға және білім беру қызметін жетілдірудің практикалық тетіктерін қалыптастыруға
бағытталды.
   Семинар мазмұны зерттеуді педагогтің кәсіби дамуының құралы ретінде тұтас
түсінуге мүмкіндік берді: білім беру тәжірибесіндегі нақты мәселені анықтаудан бастап,
зерттеу сұрағын қою, іс-әрекеттерді жоспарлау, деректерді жинау және талдау, рефлексия
жүргізу және педагогикалық әрекеттерді одан әрі түзетуге дейінгі үдеріс қамтылды.