Размер шрифта:
«Жаңа Халықтық Конституция жобасының құндылықтары контексінде химияны оқыту сапасын арттыру: адам капиталын дамыту стратегиялық негіз ретінде» тақырыбындағы тамыз конференциясы шеңберінде секция отырысы өтті.
25-08-2026 14:28
«Жаңа Халықтық Конституция жобасының құндылықтары контексінде химияны оқыту сапасын арттыру: адам капиталын дамыту стратегиялық негіз ретінде» тақырыбындағы тамыз конференциясы шеңберінде секция отырысы өтті.

     Қарағанды облысы ББД ОӘО 2026 жылғы 25 тамызда Шахтинск қаласы, Нұра ауданы, Бұқар жырау ауданы, Осакаров аудандарында химия пәндері бойынша Тамыз кеңесінің секциялық отырысын «Жаңа Халықтық Конституциялық жоба құндылықтары контекстінде химияны оқыту сапасын арттыру: адам капиталын стратегиялық негіз ретінде дамыту» тақырыбында өткізді.

     Секциялық жұмыс барысында

- «Жаңа Халықтық Конституциялық жоба құндылықтары контекстінде химияны оқыту сапасын арттыру: адам капиталын стратегиялық негіз ретінде дамыту»;

- «2026–2027 оқу жылында оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері, мақсаттары мен міндеттері: жаңа оқу жылының негізгі өзгерістері, мақсаттары мен міндеттері»;

- «МОДО нәтижелері бойынша төмен нәтиже көрсеткен тақырыптарды талдау және білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру» тақырыптарында химия пәнін оқыту сапасын арттыру, жаңа оқу жылындағы оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру, білім алушылардың функционалдық және химиялық сауаттылығын дамыту, сондай-ақ МОДО нәтижелері бойынша анықталған білім олқылықтарымен жүйелі жұмыс жүргізу мәселелері қарастырылды.

     Әр аудан/қала білім бөлімінің әдіскерлері өткен оқу жылының нәтижелерін саралап, жаңа оқу жылындағы басым бағыттар мен педагогтер алдында тұрған негізгі міндеттерді айқындады.

     Секциялық отырыстың «Авторлық идеядан – SMART-практикаға» бөлігінде педагогтердің авторлық идеялары мен тиімді тәжірибелері ұсынылды. Онда педагогтер арасында мазмұнды кәсіби тәжірибе алмасу ұйымдастырылып, химия пәнін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен заманауи педагогикалық практикалар ұсынылды.

     Барлық қатысушылар саны: 200 химия пәнінің мұғалімдері.