Размер шрифта:
«Жаңа Халықтық Конституциялық жоба құндылықтары контекстінде химия, биологияны оқыту сапасын арттыру: адам капиталын стратегиялық негіз ретінде дамыту» тақырыбындағы секциялық отырыс
28-08-2026 14:38
«Жаңа Халықтық Конституциялық жоба құндылықтары контекстінде химия, биологияны оқыту сапасын арттыру: адам капиталын стратегиялық негіз ретінде дамыту» тақырыбындағы секциялық отырыс

     Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2026 жылғы 28 тамызда Шет, Абай, Қарқаралы аудандарында және Қарағанды қаласында химия, биология пәндері мұғалімдерінің Тамыз кеңесі аясында «Жаңа Халықтық Конституциялық жоба құндылықтары контекстінде химия, биологияны оқыту сапасын арттыру: адам капиталын стратегиялық негіз ретінде дамыту» тақырыбында секциялық отырысы өтті.

     Секциялық отырыстың алғашқы бөлімінде білім бөлімінің әдіскерлері, өткен 2025–2026 оқу жылының қорытындыларына талдау жасап, білім сапасының көрсеткіштерін, химия пәнін оқытудағы жетістіктер мен өзекті мәселелерді қарастырды. Сонымен қатар 2026–2027 жаңа оқу жылына қойылатын мақсаттар мен міндеттер, педагогтердің әдістемелік жұмысының басым бағыттары және оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру жолдары талқыланды.

     Қарағанды облысынан барған спикерлер:

  •      «Жаңа Халықтық Конституциялық жоба құндылықтары контекстінде химияны оқыту сапасын арттыру: адам капиталын стратегиялық негіз ретінде дамыту» 
  •      «2026–2027 оқу жылында оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері, мақсаттары мен міндеттері: жаңа оқу жылының негізгі өзгерістері, мақсаттары мен міндеттері»
  •      «МОДО нәтижелері бойынша төмен нәтиже көрсеткен тақырыптарды талдау және білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру» тақырыптарында  педагогтерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

     Секцияның практикалық бөлімі «Авторлық идеядан – SMART-практикаға» тақырыбына арналды.

     Секциялық практикалық бөлімде педагогтер тек теориялық мәселелерді талқылап қана қоймай, өздерінің нақты тәжірибелерімен, авторлық идеяларымен және сабақта қолдануға болатын тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Практикалық жұмыстар барысында цифрлық технологияларды пайдалану, функционалдық сауаттылықты дамыту, экологиялық білім беру, олимпиадалық дайындық және құндылыққа негізделген оқыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

     Бірлікке негізделген кәсіби ынтымақтастық, үздіксіз ізденіс пен тәжірибе алмасу – білім сапасын арттырудың және бәсекеге қабілетті, сауатты ұрпақ қалыптастырудың маңызды негізі! Қатысушылар саны:120 педагог.