2026 жылдың 28 тамызында Қарағанды облысының білім басқармасымен, Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен Қарағанды қаласы және Абай, Шет, Қарқаралы аудандарының математика пәнінің мұғалімдері, әдіскерлер және әдістемелік бірлестік жетекшілері үшін «Жаңа халықтық конституцияның нормалары мен құндылықтары: математикалық білім беру арқылы адам капиталын дамыту».тақырыбында тамыз кеңесінің секциялық отырысы өткізілді.
Секциялық отырыс барысында келесі мәселелер мен жұмыстың басты бағыттары қарастырылды:
- 2025-2026 оқу жылындағы білім алушылардың білім сапасын талдау, жаңа оқу жылына арналған мақсаттар мен міндеттерді айқындау. 2026-2027 оқу жылының жұмыс жоспарымен танысу.
- Әдістемелік нұсқау хат «2026-2027 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»
- Олқылықтарды мониторингілеу: академиялық үлгермеушілікті еңсеруге арналған жеке траекториялар. БТС, ББЖМ-2026 нәтижелерін талдау.
Секция отырысының нәтижесі бойынша математикалық білім беру сапасын арттыруға және білім алушыларды үйлесімді дамытуға бағытталған әдістемелік ұсынымдар қабылданды.
Секция модераторлары:
- Сулейманова Гульжазира Омирзаковна, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері;
- Дюсенова Нурбакыт Нурбеккызы, «Қарағанды қаласының білім бөлімі» ММ әдіскері;
- Ташкен Жанна Сериковна, Саран қаласы «№17 мектеп-гимназиясы» КММ математика пәнінің мұғалімі;
- Балтабаева Айгуль Маратовна, Қарағанды қаласы, «М. Жұмабаев атындағы гимназия» КММ математика пәнінің мұғалімі;
- Саденова Нуржамал Кыдыровна, Қарағанды қаласы «№6 ЖББМ» КММ математика пәнінің мұғалімі.
Барлық педагогтерге өнімді, шабытты және табысты жаңа оқу жылын тілейміз!





umc.krg@karagandyedu.kz









