Размер шрифта:
Қарағанды қаласында «Информатика және жасанды интеллект» пәні педагогтеріне арналған тамыз кеңесінің секциялық отырысы өтті
28-08-2026 16:54
Қарағанды қаласында «Информатика және жасанды интеллект» пәні педагогтеріне арналған тамыз кеңесінің секциялық отырысы өтті

     2026 жылғы 28 тамызда Қарағанды облысының білім басқармасы мен Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қарағанды қаласының «Информатика және жасанды интеллект» пәні педагогтеріне арналған тамыз кеңесінің секциялық отырысы өткізілді.

     Секциялық отырыс барысында 2026–2027 оқу жылындағы пән бойынша жаңашылдықтар талқыланып, оларды оқу-әдістемелік орталықтың әдіскері Бақытжанқызы Бақнұр таныстырды. Шахтинск қаласының аудандық білім бөлімінің әдіскері Узакбаева Рыскуль Узакбайкызы 2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша талдау жасап, жаңа оқу жылына қойылған міндеттерді айқындап берді.

     Шара барысында №9 гимназия педагогі Ильина Елена Анатольевна, №3 гимназия педагогі Әділхан Гүлзира мен № 25 ЖББМ педагогтері Смольянова Ирина Юрьевна мен Меерманов Дәулет Өмірзақұлы және CareerHub.kz компаниясының жобаларды дамыту жөіндегі басшысы Мырзаханов Қанат Ермекұлы озық іс-тәжірибелерімен бөлісті. Кеңес соңында педагогтер өзекті мәселелер бойынша өз ұсыныстарын білдіріп, өзара пікір алмасты.