«Үздік арнайы білім беру ұйымының педагогі» республикалық педагогикалық шеберлік байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы
«Үздік арнайы білім беру ұйымының педагогі» республикалық педагогикалық
шеберлік байқауының I (іріктеу) кезеңінің қорытындысы шығарылды.
Байқау арнайы білім беру ұйымдарының талантты педагогтерін анықтау
және қолдау, озық педагогикалық тәжірибені тарату, педагогтердің кәсіби
шеберлігін арттыру, сондай-ақ педагогикалық инновациялар мен шығармашылық
белсенділікті ынталандыру мақсатында өткізілді.
Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша Қарағанды облысының атынан
республикалық байқаудың II (финалдық) кезеңіне қатысуға жолдама алған
жеңімпаздар:
«Арнайы мектептің үздік педагогі (мұғалімі)» номинациясы бойынша:
- Ибраева Дарига Укеновна — КММ «№ 3 арнайы мектеп-интернатының»
қыздарға көркем еңбек және технология пәндерінің мұғалімі;
- Кужабергенова Шолпан Тулеубайқызы — КММ «№ 3 арнайы мектеп-
интернатының» ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.
«Арнайы мектептің үздік тәрбиешісі» номинациясы бойынша:
- Кейм Елена Александровна — КММ «№ 3 арнайы мектеп-интернатының»
тәрбиешісі.
«Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның үздік
маманы» («Педагогтерге үздік консультативтік-әдістемелік көмек»)
номинациясы бойынша:
- Олжатаева Жаркынай Сериковна — КММ «Облыстық психологиялық-
медициналық-педагогикалық консультацияның» сурдопедагогі, Балқаш
қаласы.
«Оңалту орталығының үздік педагогі (мұғалімі)» номинациясы бойынша:
- Садық Алмагүл Төлеуқызы — КММ «№ 1 Оңалту орталығының» логопед-
мұғалімі, Қарағанды қаласы.
«Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің үздік педагогі
(мұғалімі)» номинациясы бойынша:
- Тусупбекова Камшат Каригуловна — Қарқаралы ауданының КММ «№ 4
Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің» әлеуметтік педагогі.
«Арнайы балабақша тәрбиеленушілеріне психологиялық-педагогикалық
қолдау көрсетудің үздік педагогі» номинациясы бойынша:
- Гладилова Дарья Павловна — КММ «Балдырған» арнайы балабақшасының
логопед-мұғалімі.
Облыстық кезең жеңімпаздарын құттықтаймыз! II (финалдық) кезеңде
сәттілік, кәсіби жетістіктер және жеңіс тілейміз!





umc.krg@karagandyedu.kz

