Размер шрифта:
«Білім берудегі шахмат» жобасы аясында сынып бөлмесінің ашылу салтанаты
01-09-2026 17:55
«Білім берудегі шахмат» жобасы аясында сынып бөлмесінің ашылу салтанаты

     2026 жылдың 1 қыркүйегінде Қарағанды қаласы, Сұрыптау бекетіндегі №12 жалпы білім беретін мектепте «Білім берудегі шахмат» жобасы аясында жаңа шахмат кабинетінің ашылу салтанаты өтті.

     Салтанатты шараға мектеп әкімшілігі, ұстаздар, оқушылар және ата-аналар қатысты. Жаңа кабинет заманауи талаптарға сай жабдықталып, оқушылардың шахмат ойынын үйренуіне және зияткерлік қабілеттерін дамытуына қолайлы жағдай жасалған. Шахмат кабинеті — оқушылардың бос уақытын тиімді өткізіп, интеллектуалдық ойынға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін маңызды орталық болмақ.

     Қазақстан шахмат федерациясының Қарағанды облысы жұмысын үйлестіруші Динара Төлеуқызы  Қазақстан чемпиондарының қолтаңбалары қойылған шахмат тақтасын сыйға табыстады.

     Жаңа шахмат кабинеті оқушыларымыздың жаңа білім алып, қызықты партиялар өткізіп, алғашқы жеңістеріне жететін сүйікті орындарының біріне айналады деп сенемін.

      Жас шахматшыларымызға сәтті жүріс, әдемі комбинациялар, табанды ізденіс және биік жеңістер тілеймін!

     Әр жүріс — жаңа мүмкіндік, әр жеңіс — үлкен жетістік!