Қарағанды облысы білім басқармасы, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2026–2027 оқу жылы қарсаңында облыс аудан/қалаларының бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: Бастауыш білім – адами капиталды дамытудың стратегиялық іргетасы» тақырыбында Тамыз конференциясының секциялық отырыстары өтті.
Секция барысында 2025–2026 оқу жылындағы білім сапасына талдау жасалып, бірінші сынып оқушыларында «Бес дағдыны» дамыту, жаңа оқу жылындағы білім беру процесінің ерекшеліктері мен бағалаудың жаңа жүйесі талқыланды.
Сонымен қатар, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын, зерттеушілік және жобалық дағдыларын дамыту, авторлық бағдарламаларды әзірлеу мәселелері қарастырылды. «Білім берудегі шахмат» жобасы аясында Қазақстан шахмат федерациясының үйлестірушісі Динара Төлеуқызы сөз сөйлеп, педагогтерге әдістемелік ұсынымдар ұсынды.
Секциялық отырыс педагогтердің тәжірибе алмасуына, өзекті мәселелерді талқылауына және жаңа оқу жылындағы басым бағыттарды айқындауына мүмкіндік берді.





umc.krg@karagandyedu.kz





















