2016 жылдың 30 мамырында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының базасында, экология-биология бағытында қосымша білім беретін педагогтардың облыстық әдістемелік бірлестігінің шеңберінде, Қарағанды облысының экология-биология бағытындағы жалпы орта білім беретін мектептерінің үйірме басшыларына арналған «Білім беру ұйымдарында оқушылар үшін экологиялық іс-шаралар ұйымдастыру мен өткізу ерекшеліктері» тақырыбында семинар-практикум өтті.
Семинарға Сәтпаев, Приозерск, Теміртау, Саран, Шахтинск, Қарағанды қалаларынан, Бұқар жырау, Қарқаралы, Осакаровка, Нұра және Шет аудандарынан барлығы 29 педагог қатысты.
Семинарға Облыстық экологиялық мұрайжай және «Экообраз» қоғамдық бірлестігінің мамандары қатысты.