Білім басқармасында тапсырмалар трекері бойынша жиналысы өтті
Қарағанды облысының Білім басқармасында «BilimHub» жобасы аясында тапсырмалар трекерін енгізу мәселелері бойынша жиналыс өтті.
Жиналыс барысында жүйенің негізгі мүмкіндіктері: сұраныстарды басқару, жауапты орындаушыларды тағайындау, тапсырмаларды орындау мерзімдерін белгілеу, бірыңғай іс-шаралар күнтізбесі, орындаушылық тәртіпті бақылау және аналитиканы қалыптастыру мәселелері қарастырылды.
Орындау мерзімдерін бақылауға, мерзімі өткен тапсырмаларды уақтылы анықтауға және олардың орындалу барысы туралы өзекті ақпарат алуға ерекше назар аударылды.
«BilimHub» жүйесін енгізу жұмыс үдерістерінің ашықтығын арттыруға және Білім басқармасы, Оқу-әдістемелік орталық пен Қарағанды облысының білім бөлімдері арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бағытталған.





umc.krg@karagandyedu.kz



