Размер шрифта:
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерін аттестаттау мәселелері бойынша облыстық семинар
30-09-2026 15:52
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерін аттестаттау мәселелері бойынша облыстық семинар
     2026 жылғы 30 қыркүйекте Қарағанды облысында білім беруді дамытудың
оқу-әдістемелік орталығы облыс колледждерінің ғылыми/оқу-әдістемелік
жұмысы жөніндегі директор орынбасарлары мен әдіскерлеріне арналған
«ТжКОБ педагогтерін аттестаттау: талдау, өзгерістер және кәсіби даму
перспективалары» тақырыбында облыстық онлайн-семинар өткізді.
     Семинар барысында педагогтерді аттестаттаудың өзекті мәселелері, тәсілдер
мен талаптардағы өзгерістер, сондай-ақ 2026 жылы ТжКОБ педагогтерін
аттестаттау нәтижелері қарастырылды.
     Мазмұнды баяндама жасаған Білім беру мазмұнын талдау және
стратегиялық дамыту бөлімінің басшысы Мухамедьярова Айгуль Зейнулаевна
педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы, оған қатысу шарттары,
бағалау критерийлері мен іске асыру тетіктері туралы ақпарат ұсынып,
проблемалық мәселелер мен перспективалық бағыттарды атап өтті.
     Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімінің
басшысы Кнашина Айнур Ахатовна 2023–2025 жылдар аралығындағы
ТжКОБ ұйымдары педагогтері мен басшы кадрларының біліктілік
санаттарына жүргізілген мониторинг нәтижелерін таныстырып, негізгі
үрдістерді, қорытындылар мен кадрлардың кәсіби дамуын одан әрі қолдау
бойынша ұсынымдарды ұсынды.
     Семинар «Сұрақ-жауап» форматындағы пікірталаспен қорытындыланды.
Қатысушылар өзара пікір алмасып, ТжКОБ педагогтерін аттестаттау және
кәсіби дамыту үдерістерін әдістемелік сүйемелдеудің одан әрі бағыттарын
талқылады.