«Қарағанды облысының үздік туристік бағыты» облыстық қашықтықтан жобалар конкурсы
2026 жылдың 30 қыргүйегінде Қарағанды облысының техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері
арасында «Қарағанды облысының үздік туристік бағыты» атты облыстық
қашықтықтан жобалар конкурсы өтті.
Конкурс «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын, «Қамқор» және
«Таза Қазақстан» жобаларын іске асыру аясында және 27 қыркүйек
–Дүниежүзілік туризм күніне орай ұйымдастырылды.
Конкурс келесі бағыттар бойынша өткізілді:
- «Үздік танымдық бағыт»;
- «Үздік спорттық бағыт»;
- «Үздік экологиялық бағыт».
Тәуелсіз конкурстық комиссия қатысушылардың жұмыстарын
бекітілген критерийлер бойынша бағалап, жүлделі орын иегерлерін
анықтады:
1 орын - Баженов Данила, «Ж.К. Букенов атындағы Қарағанды жоғары
колледжі» ЖММ студенті. Жобасы: ««Табиғат аясындағы спорттық
жорық»;
2 орын - Сапарғалиев Мадияр, «Қазақмыс корпорациясының
политехникалық колледжі» ЖММ студенті. Жобасы: «Қарқаралы мұрасы:
таулар мен көлдер шежіресі»;
2 орын - Прохоров Артемий, «Қарағанды жоғары «Bolashaq»
колледжі» ЖММ студенті. Жобасы: «Қарағанды облысы: Ғасырлар
тынысы»;
3 орын - Исаенко Руслан, Сакитай Альмансур, «Қазақмыс
корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ студенттері. Жобасы:
«Балқаш - Қазақстанның інжу-маржаны»;
3 орын - Асельбекова Диана, Светова София, Волков Богдан, Ершова
Диана, «Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті экономика, бизнес және
құқық колледжі» ЖММ студенттері. Жобасы: «Өлкеміздің діни-сәулет
нысандары: Қарағанды мешіттері мен шіркеулері»
Конкурстың барлық қатысушыларына сертификаттар, ал
жеңімпаздарға Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-
әдістемелік орталығының дипломдары табысталды.





umc.krg@karagandyedu.kz






