Пәнді оқытуда студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту және қалыптастыру мақсатында 2016 жылдың 31 мамырында Қарағанды экономика, бизнес және құқық колледжінде студенттер арасында математика пәні бойынша облыстық олимпиада өткізілді.
Олимпиада өз кезегінде бірнеше бағыттар бойынша жүргізілді:
- «Тригонометрия» - тригонометриялық теңдік.
- «Көрсеткіштік, логарифмдік және дәрежелік функциялар» , көрсеткіштік теңдеулер.
- «Туынды және оның қосымшасы» - кестенің түзілуі және функцияны зерттеу.
- Логикалық есептер
- «Теңсіздіктер жүйесі»
Қазылар алқасы студенттердің жұмыстарын тыңғылықты тексеріп, талапқа сай дұрыс орындалғандарын жүлделі орындарға жайғастырды. Командалық есеп бойынша:
1 орын – Қарағанды политехникалық колледжі;
2 орын – Шахтинск технологиялық колледжі;
3 орын – Қарағанды банк колледж.
Жеке есеп бойынша:
1 орын – Қарағанды политехникалық колледжі;
2 орын – Шет тілдер колледжі;
3 орын – Қарағанды политехникалық колледжі.
Студенттердің жұмысы тексеріліп жатқан мезгілде олимпиада қатысушыларына экускурсия ұйымдастырылып, колледж студенттенттері дайындаған концерт ұсынылды.