«Болашақ педагог» жобасының кәсіптік бағдар беруші педагогтері мен кураторларына арналған әдістемелік сағат
07-10-2026 15:39
«Болашақ педагог» жобасының кәсіптік бағдар беруші педагогтері мен  кураторларына арналған әдістемелік сағат
     2026 жылғы 7 қазанда Қарағанды облысының білім беру ұйымдарының кәсіптік бағдар беруші педагогтері үшін «Кәсіптік бағдар беру: болашақ мамандыққа қадам» тақырыбында әдістемелік сағат өткізілді.
  Іс-шара онлайн-конференция форматында ұйымдастырылып, білім беру ұйымдарындағы кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыруды жетілдіруге, сондай-ақ «Болашақ педагог» педагогикалық жобасы аясындағы қызметті әдістемелік сүйемелдеуге бағытталды.
     Әдістемелік сағат барысында мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысын
ұйымдастырудың өзекті мәселелері қарастырылды. Іс-шараның мазмұндық бөлігінде білім алушылардың саналы кәсіби өзін-өзі анықтауына бағытталған кәсіптік бағдар беру қызметін жоспарлау және жүзеге асыру ерекшеліктері талқыланды.
Негізгі сұрақтар:
- Д.А. Суртубаева, «Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК педагогтердің кәсіби дамуы бөлімінің басшысы — мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері және педагогтердің
«Болашақ» халықаралық бағдарламасына қатысу арқылы кәсіби даму мүмкіндіктері мәселесі бойынша.
- К.И. Шубакова, Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының педагогтердің кәсіби даму бөлімінің әдіскері — «Болашақ педагог» педагогикалық жобасының мазмұны, жұмысты ұйымдастыру және әдістемелік сүйемелдеу тетіктері туралы баяндама жасады. 
     Әдістемелік сағат барысында «Болашақ педагог» педагогикалық жобасына ерекше назар аударылды. Қатысушыларға жобаның мазмұны, жұмысты ұйымдастыру және оны әдістемелік сүйемелдеу тетіктері туралы ақпарат ұсынылды. Бұл бөлім жобаға тартылған кәсіптік бағдар беруші педагогтер мен кураторлардың міндеттерін өзектендіруге мүмкіндік берді.
Іс-шараның қорытынды бөлімінде кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру және «Болашақ педагог» жобасын іске асыруға байланысты өзекті мәселелер талқыланды.
   Қатысушылар қажетті түсіндірмелер алып, алдағы қызметтің практикалық аспектілерін талқылау мүмкіндігіне ие болды.
Әдістемелік сағатты өткізу кәсіптік бағдар беруші педагогтердің кәсіби білімдерін өзектендіруге, кәсіптік бағдар беру жұмысын әдістемелік сүйемелдеу сапасын арттыруға, сондай-ақ білім алушыларды педагог мамандығын саналы түрде таңдауға тарту
бағытындағы жұмысты одан әрі дамытуға ықпал етті.