Мұғалімдер күні қарсаңында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Ұстаздық еткен — зерделі, кейінгіге үлгі өнегелі!» атты салтанатты марапаттау рәсімін өткізді.
07-10-2026 17:12
Мұғалімдер күні қарсаңында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Ұстаздық еткен — зерделі, кейінгіге үлгі өнегелі!» атты салтанатты марапаттау рәсімін өткізді.
 Тамыз айындағы көшпелі облыстық әдістемелік күндерді жоғары деңгейде ұйымдастырып, белсенділік танытқан және өңіріміздің білім беру саласын дамытуға елеулі үлес қосқан үздік педагогтер мен спикерлер Қарағанды облысы білім басқармасының және ҚО ББД ОӘО Алғыс хаттарымен марапатталды. 
 
   Бұл кездесу педагогикалық қоғамдастықтың ауызбіршілігі мен жоғары кәсібилігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолындағы қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз!