Размер шрифта:
IT саласының «1С платформасында бизнес-процестерді автоматтандыру» құзыреттілігі бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының өңірлік кезеңі
21-10-2026 12:17
IT саласының «1С платформасында бизнес-процестерді автоматтандыру» құзыреттілігі бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының өңірлік кезеңі
     2026 жылғы 21 қазанда Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу- әдістемелік орталығының жетекшілігімен Теміртау жоғары политехникалық колледжінің базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында IT саласының «1С платформасында бизнес-процестерді автоматтандыру» құзыреттілігі бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының өңірлік кезеңі өтті.
     Конкурстық сынақтар барысында қатысушылар кәсіби білімдері мен дағдыларын көрсетіп, конфигурация құрылымын жобалау, қозғалыстар есебін жүргізу, есептер әзірлеу және 1С платформасында интерфейсті баптау бойынша практикалық тапсырмаларды орындады.       
     Қорытынды кезеңде әзірленген шешімдерін қазылар алқасының алдында таныстырды.
Конкурс қорытындысы бойынша кәсіби даярлығы мен практикалық шеберлігінің жоғары деңгейін көрсеткен жеңімпаздар анықталды:
     I орын – Өмірбаев Абай Рашидович, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК;
     II орын – Шамгулова Сая Бериковна, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК.
Өңірлік кезеңнің жеңімпазы «1С платформасында бизнес-процестерді автоматтандыру» құзыреттілігі бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсында Қарағанды облысының атынан қатысу мүмкіндігіне ие болды.
     Жеңімпазды және конкурстың барлық қатысушыларын құттықтаймыз!