Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы көлік саласы бойынша Республикалық кәсіби шеберлік конкурсының өңірлік кезеңі
2026 жылдың 20-21 қазанда Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды көлік-технологиялық колледжінің базасында көлік саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы республикалық кәсіптік шеберлік конкурсының өңірлік кезеңін өткізді.
Конкурстың мақсаты - техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының дарынды, шығармашыл педагогтерін анықтау әрі қолдау, сондай-ақ көлік саласындағы инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату.
Конкурсқа облыс колледждерінен 10 педагог қатысты. Конкурс бағдарламасы теориялық және практикалық кезеңдерді қамтыды. Оның барысында қатысушылар кәсіби білімдерін, техникалық дағдыларын және автокөліктерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге байланысты практикалық тапсырмаларды орындау қабілеттерін көрсетті.
Конкурстық сынақтар шеңберінде қатысушылар компьютерлік тестілеуден өтіп, WorldSkills International стандарттарына сәйкес технологиялық операцияның бағалау парағын құрастырды, беріліс қорабына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу, қозғалтқыштың ақауларын іздеу, тежеу жүйесін диагностикалау мен жөндеу, сондай- ақ автокөліктің электр жабдықтарын диагностикалау бойынша тапсырмаларды орындады.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
І орын — Кульзаков Арман Нуртаевич, «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері;
ІІ орын — Абзал Абай Съезбекұлы, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы;
ІІ орын — Толеуов Дидар Кайратулы, «Шет агротехникалық колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы;
ІІІ орын — Садвакасов Жанат Оразгулович, «Қарағанды агротехникалық колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері;
ІІІ орын — Журавлёв Евгений Петрович, «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері;
Кәсіби шеберлігі үшін медальон — Саратовкин Сергей Павлович, «Осакаров ауданының колледж-мектеп-интернаты» КММ өндірістік оқыту шебері.
Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды.
Облыстық кезеңде 1 орын алған катысушы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Көлік» саласы бойынша Республикалық кәсіби шеберлік конкурсына қатысуға құқылы.





umc.krg@karagandyedu.kz





