Ғылыми-техникалық бағыттағы қосымша білім беру педагогтерінің семинар-практикумы
2016 жылдың 02 маусым күні ғылыми-техникалық бағыттағы қосымша білім беру педагогтерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясында А.Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжі базасында Қарағанды облысындағы техникалық бағыттағы үйірмелердің жетекшілеріне арналған «Техникалық бағыттағы үйірмелердің жұмысында модельдеу технологияларын пайдалану» тақырыбында оқыту семинар-практикумы өтті.
Семинар жұмысына Балқаш, Приозерск, Теміртау, Саран, Қарағанды қалаларынан, Қарқаралы, Бұқаржырау, Осакаров және Шет аудандарынан 36 педагог қатысты.
Семинар барысында авиамодельдеу, судомодельдеу, техникалық модельдеу (робототехника) бойынша шеберлік сыныптар өткізілді.