«Жасыл балабақша: бірінғай экологиялық кеңістік - тәжірибе, бастамалар, инновациялар»
29-10-2026 16:25
«Жасыл балабақша: бірінғай экологиялық кеңістік - тәжірибе, бастамалар, инновациялар»

2026 жылғы 29 қазанында «Жасыл балабақша» жобасын іске асыру және мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық тәрбие берудің заманауи әдіс-тәсілдерін насихаттау мақсатында облыстық семинар-практикумы ұйымдастырылды.

            Семинар барысында Қарағанды қаласы «Ақниет» б/ж КМҚК, «Аяла» б/ж КМҚК, «Алмагүл» б/ж КМҚК, «Ақбота» б/ж КМҚК мектепке дейінгі білім беру ұйымдары балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, зерттеушілік қабілеттерін дамыту және табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу бағытындағы озық тәжірибелерімен бөлісті.

            Қатысушылар балаларға арналған экологиялық зертхананың жұмысымен танысып, экологиялық тәрбие беруде мультфильмдерді тиімді пайдалану, биотехнологиялық тәжірибелерді жүргізу, апсайклинг тәсілдерін қолдану және түрлі материалдарды қайта пайдалану мүмкіндіктерін зерделеді.

            Сонымен қатар экологиялық бастамаларды жүзеге асыру, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру, энергияны үнемдеу, табиғат құбылыстарын бақылау, балалар мен ересектердің бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыру мәселелеріне ерекше мән берілді.

            Семинар кәсіби тәжірибе алмасуға, тың идеялар мен инновациялық тәсілдерді таныстыруға, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.

            Іс-шараға қатысушылар заманауи экологиялық тәжірибелерді балабақшаның білім беру үдерісіне енгізудің маңыздылығын атап өтті. Мұндай жұмыстар балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

51 педагог қатысты