Размер шрифта:
«LESSON STUDY: ЗЕРТТЕЙМІЗ, БАҚЫЛАЙМЫЗ, ҮЙРЕТЕМІЗ» облыстық педагогикалық жобасы аясындағы семинар
29-10-2026 16:37
«LESSON STUDY: ЗЕРТТЕЙМІЗ, БАҚЫЛАЙМЫЗ, ҮЙРЕТЕМІЗ» облыстық педагогикалық жобасы аясындағы семинар

2026 жылғы 27–28 қазанда «LESSON STUDY: ЗЕРТТЕЙМІЗ, БАҚЫЛАЙМЫЗ, ҮЙРЕТЕМІЗ» облыстық педагогикалық жобасын жүзеге асыру аясында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы жобаның зерттеу топтарына қатысушы қалалық және ауылдық мектеп мұғалімдеріне арналған семинар өткізді.

 Семинардың мақсаты: педагогтердің Lesson Study әдіснамасы, зерттеу сабағын бірлесе жоспарлау, білім алушыларды дәлелді бақылауды ұйымдастыру, білім беру процесін одан әрі жетілдіру үшін деректерді жинау және талдау саласындағы кәсіби құзыреттіліктерін арттыру.

Семинардың бірінші күнінде қатысушылар Lesson Study-дің негізгі ұғымдары мен қағидаттарын, оқушылардың фокус-тобын анықтау, тақырыпты және зерттеу сұрағын тұжырымдау ерекшеліктерін қарастырды. Практикалық жұмыс аясында педагогтер мектептегі мәселелерді талдап, зерттеу сабағын (Research Lesson) бірлесе жобалады. Күннің қорытынды кезеңі әзірленген жоспарларды таныстыру, оларды өзара сараптау және рефлексия болды.

Семинардың екінші күні оқушыларды бақылаудың және зерттеу сабағының нәтижелерін талдаудың практикалық аспектілеріне арналды. Қатысушылар бақылау карталарын толтыру ережелерін, сабақтан кейін оқушылармен сұхбат жүргізу ерекшеліктерін, сондай-ақ бағалау пікірлерінсіз нақты деректерді тіркеу тәсілдерін үйренді. Практикум барысында бақылауды, оқу сұхбатын моделдеу, бақылау нәтижелерін салыстыру, оқушылардың жұмыстары мен сұхбаттарын талдау, сондай-ақ келесі сабақтың жоспарын түзету сияқты практикалық тапсырмалар қаралды.

Семинар нәтижелері: қатысушылардың Lesson Study әдіснамасы туралы білімін тереңдету; зерттеу сабақтарын бірлесе жоспарлау дағдыларын дамыту; оқушыларды бақылау мен сұхбаттасу құралдарын меңгеру; деректерді жинау, талдау және триангуляциялау тәсілдерін жетілдіру; мектептерде Lesson Study-дің бірінші циклін өткізу кестелерін келісу және жобаны одан әрі жүзеге асырудың кейінгі қадамдарын анықтау.

Семинар соңында тренерлер  К.И. Шубакова, Г.М. Жұманова, Б. М. Кикимова, Д. К. Ибраева, Г. С. Абсалыкова, С.К. Жумкенова қатысушыларға білім беру ұйымдарында «Lesson STUDY: зерттейміз, бақылаймыз, оқытамыз» облыстық педагогикалық жобасын одан әрі іске асыру үшін «Әдістемелік кейс» форматында жобаны практикалық іске асыру үшін құралдар жинағын ұсынды.