ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІ
29-10-2026 17:16
ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІ

Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 29 қазан күні мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының химия және биология пәндері мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысын өткізді.

Бірлестіктер отырысында химия, биология пәндерінен қиындық туғызатын тақырыптар бойынша шеберлік сыныптар көрсетілді:

- «Сабақтан өмірге: химия және биология сабақтарында жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамыту»тақырыбында Ахметова Гулзира Елубаевна, Аубакирова Кулайым Тулегеновна Қарағанды облысы «Мұрагер» ММЛИхимия-биология пәнінің мұғалімдері;

- «Сложные темы и вопросы ЕНТ по биологии»,Скрипченко Виктория Александровна, Теміртау қаласы «Озат» мамандандырылған-мектеп-лицей» КММ химия-биология пәнінің мұғалімі;

- «Контактный способ получения серной кислоты. Решение задач на «олеум» Есенжолова Шолпан Есенжоловна, Қарағанды облысы «Мұрагер» ММЛИхимия пәнінің мұғалімі,

- «Биология пәнінен ҰБТ-ның күрделі тақырыптары және оларды меңгерту әдістері» тақырыбында Игишева Айгерим Куановна Теміртау қаласы «Озат» ММЛ биология пәнінің мұғалімі өз тәжірибелерімен бөлісті.

Жаратылыстану-математикалық бағытының бірлестік жетекшілерінің І тоқсан білім сапасының қорытындысы: «Жамбыл атындағы ММЛИ» (Хасенова Сауле Төкеновна), «Мұрагер» ММЛИ (Ахметова Гулзира Елубаевна) тыңдалып, ұсыныстар берілді.

Рефлексия қорытындысы бойынша отырыс барысында қаралған мәселелердің өзектілігі атап өтілді. 23 мұғалім қамтылды.