Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 27-28 қазанында биология пәндері мұғалімдері үшін «Жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты қалыптастыру – білім беру сапасы мен білім алушылардың білім нәтижелерін арттырудың шарты» тақырыбында «Күзгі мектеп» өткізілді.
Күзгі мектепте педагогтер биология пәнінен қиындық туғызатын тақырыптарды талдай отырып, ДНҚ репликациясы мен репарациясы, митохондриядағы электрон тасымалдау тізбегі және АТФ шығынын есептеу, Харди-Вайнберг заңы бойынша популяциялық генетикадағы есептерді шығару сияқты оқытудың тиімді әдістемелерін тәжірибеде талқылады.
Жұмыс барысында педагогтерге биология сабақтарында жасанды интеллект пен цифрлық құралдарды қалай пайдалану керектігі айтылды. Мұғалімдерге жасанды интеллекттің көмегімен оқушыларға экологиялық деректерді талдауға, күрделі тақырыптарды (генетика, ферменттер, экожүйелер) түсінуге және өз зерттеулерінің нәтижелерін әдемі безендіруге қалай көмектесуге болатыны көрсетілді.
Семинар барысында қатысушылар барлық материалдардың практикалық бағыттылығын атап өтті. Педагогтер ұсынылған ЖИ-сервистері мен көрнекі схемалар сабаққа дайындықты жеңілдетіп қана қоймай, биологияның күрделі тақырыптарын оқушылар үшін шынымен де қызықты ететінін айтып, өз ойларымен бөлісті.





umc.krg@karagandyedu.kz




