Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 27–30 қазан аралығында химия пәні мұғалімдеріне арналған «Жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты қалыптастыру – білім беру сапасы мен білім алушылардың білім нәтижелерін арттырудың шарты» тақырыбында «Күзгі мектеп» өткізілді.
Күзгі мектеп аясында педагогтер химия пәнін оқытуда қиындық туғызатын тақырыптарды талқылап, күрделі есептерді шығарудың тиімді алгоритмдерімен және практикалық әдістерімен бөлісті. Бағдарламада химиялық теңдеулер бойынша есептеулер, қоспалар мен артық және кем мөлшердегі реагенттерге арналған есептер, стехиометриялық есептеулер, ерітінділердің концентрациясы мен ерігіштігі, термохимиялық есептер және Гесс заңы, қышқылдар мен негіздердің тепе-теңдігі, pH есептері, химиялық кинетика мен тепе-теңдік, органикалық заттардың молекулалық формуласын анықтау, электролиз және тотығу-тотықсыздану реакциялары қамтылды.
Сондай-ақ химиялық тәжірибелерде цифрлық технологияларды қолдану, тірі және өлі табиғаттағы энергия үдерістерін цифрлық зерттеу, қоршаған ортаны қорғауға қатысты химиялық есептерді шешу және химияны күнделікті өмірмен байланыстыра оқыту мәселелеріне назар аударылды.
Семинар барысында қатысушылар ұсынылған материалдардың практикалық маңызын атап өтіп, күрделі тақырыптарды түсіндіруде тиімді есеп шығару алгоритмдері мен заманауи цифрлық құралдарды қолданудың маңыздылығын көрсетті. Кері байланыс кезінде педагогтер тәжірибе алмасудың және оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамытуға бағытталған әдістерді сабақта қолданудың тиімділігін атап өтті.
Қатысушылар:офлайн форматта — 60 педагог, онлайн форматта — 200 педагог.





umc.krg@karagandyedu.kz






