Размер шрифта:
«Үздік педагогикалық эссе» республикалық байқауында Қарағанды облысы жеңімпаздар қатарында
04-11-2026 12:52
«Үздік педагогикалық эссе» республикалық байқауында  Қарағанды облысы жеңімпаздар қатарында

2026 жылдың 28 қазанында «Talap» КеАҚ қолдауымен Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының басшылығымен «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК базасында КСРО Халық ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген мұғалім Асқар Ислямов атындағы «Үздік педагогикалық эссе» республикалық байқауы өтті.

Байқауға Қарағанды облысының атынан «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚК қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы Баймолдина  Анар Сабыровна және «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК арнайы пән оқытушысы Козлова Марина Георгиевна қатысты.

«Үздік педагогикалық эссе» байқауының республикалық кезеңінде 20 қатысушының ішіннен «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚК қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы Баймолдина  Анар Сабыровна жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Жеңіс құтты болсын! Әріптесімізге шығармашылық табыс, кәсіби жетістіктер мен жаңа жеңістер тілейміз!