РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК БАЙҚАУЫНДА ЕКІ БІРІНШІ ОРЫН!
06-11-2026 09:27
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК БАЙҚАУЫНДА ЕКІ БІРІНШІ ОРЫН!

2026 жылғы 5–6 қарашадаАлматы қаласы Білім басқармасының «ALMATY POLYTECHNIC COLLEGE» КМҚК базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында IT саласы бойынша Республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті.

Байқау IT бағыты бойынша дарынды педагогтерді анықтау мен қолдауға, олардың кәсіби құзыреттерін дамытуға, сондай-ақ педагог кәсібінің беделін арттыруға бағытталды.

Қарағанды облысының педагогтері жоғары кәсіби шеберліктерін көрсетіп, екі бірдей бірінші орынды иеленді!

- «Теміртау политехникалық колледжі» КМҚК оқытушысыОмирбаев Абай Рашидович«1С платформасында бизнес-процестерді автоматтандыру» құзыреттілігі бойынша I орын иеленді, сарапшы-компатриоты – «Теміртау политехникалық колледжі» КМҚК оқытушысыАбдибеков Ансат Есенжолулы;

- «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК оқытушысыХамков Иван Александрович«Компьютерлік ойындарға арналған 3D-модельдеу» құзыреттілігі бойынша I орын иеленді, сарапшы-компатриоты – «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК оқытушысы Алдошин Владислав Вячеславович.

Екі бірдей бірінші орын – бұл педагогтердің жеке жетістігі ғана емес, сонымен қатар Қарағанды облысындағы кәсіби даярлық деңгейі мен IT-білім беруді дамытудың жоғары деңгейде екенін айғақтайтын нәтиже.

Жеңімпаздар мен сарапшы-компатриоттарды тамаша жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерді мақтан тұтамыз! Жаңа жеңістерге, кәсіби биіктерге, шығармашылық шабытқа және Қарағанды облысында IT-білім беруді одан әрі дамыту жолында толағай табыстарға жетулеріңізге тілектеспіз!