Размер шрифта:
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚЫТУШЫСЫ – ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ!
09-11-2026 17:24
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚЫТУШЫСЫ – ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ!

2026 жылғы 6 қарашада Астана қаласындағы «ASTANAPOLYTECHNICжоғары колледжі» ШЖҚ МКК базасында техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері арасында «Кәсіптік білім беруге жасанды интеллектіні енгізудің 1000 идеясы» атты республикалық конференция өтті.

Конференция инновациялық идеяларды таныстыру, кәсіби тәжірибе алмасу, жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізу, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын цифрлық трансформациялау және болашақ мамандарды даярлау бағытындағы практикалық шешімдерді талқылау алаңына айналды.

Конференция аясында үш бағыт бойынша жобалар ұсынылды:

  • «Білім берудегі жасанды интеллект»;
  • «Цифрландыру және Smart-ТжКБ»;
  • «Жасанды интеллект және болашақ мамандық».

Республикалық деңгейде Қарағанды облысының атынан «Қарағанды цифрлық технологиялар және дизайн колледжі» КМҚК оқытушысы Абдрахманова Светлана Владимировна қатысты.

Конференция қорытындысы бойынша Светлана Владимировна «Жасанды интеллект және болашақ мамандық» секциясында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Бұл жетістік – кәсіби ізденістің, шығармашылық көзқарастың және заманауи цифрлық технологияларды білім беру тәжірибесінде қолдануға деген ұмтылыстың нәтижесі.

Светлана Владимировнаны лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа кәсіби жетістіктер, инновациялық идеяларды табысты жүзеге асыру және республикалық деңгейдегі жаңа жеңістер тілейміз!

Қарағанды облысы педагогтерінің жетістіктерін мақтан тұтамыз!