Размер шрифта:
Білім басқармасы облыс әкімінің тапсырмасымен аймақтың жалпы білім беру мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында 2016 жылдың 6-16 маусым аралығында жазғы мектеп жұмысын ұйымдастырады.
06-06-2016 07:41

        Жазғы мектеп аясында ағымдағы жылдың 6 маусымынаң бастап орыс тілінде оқытылатын мектептеріндегі қазақ тілі мұғалімдері үшін «Білім беру жүйесіндегі қазақ тілін деңгейлік оқыту бағдарламасының маңызы мен ерекшелігі» тақырыбы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д. Ж.Т.Дәулетбекова, Абай атындағы ҚазҰПУ Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, п.ғ.д Р.С.Рахметова, Абай атындағы ҚазҰПУ Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к., А.Қ. Рауандина дәріс оқуды бастады.