«Сиқырлы кітаптардың ашық әлемі»
12-11-2026 16:28
«Сиқырлы кітаптардың ашық әлемі»

2026 жылғы 12 қарашада Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы оқу сауаттылығы апталығының қорытындысы бойынша «Сиқырлы кітаптардың ашық әлемі» тақырыбында облыстық семинар өткізді. Семинарда Шахтинск және Абай қалаларының педагогтері өз тәжірибелерімен бөлісті.

Педагогтер робототехника, инновациялық технологиялар мен «Тастардағы әңгімелер», «Сторисек» сияқты тәсілдерді, сондай-ақ театрландырылған іс-әрекетті қолдану арқылы оқу сауаттылығы дағдыларын дамыту тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарға 100 педагог қатысты.