ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ВОРКШОП: АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
12-11-2026 17:54
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ВОРКШОП: АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

2026 жылғы 12 қарашада Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің базасында Қарағанды облысындабілім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырушылық-әдістемелік сүйемелдеуімен шет тілдері оқытушыларының ОӘБжұмысы аясында «Педагогикалық Воркшоп: ТжКОБ жүйесінде ағылшын тілін оқытудың заманауи үрдістері»атты облыстық іс-шарасы өтті.

Іс-шара «Жасанды интеллект дәуіріндегі ағылшын тілін оқытудың заманауи үрдістері: құралдар, технологиялар және педагогикалық тәжірибелер» тақырыбына арналып, тәжірибе алмасу, білім берудің өзекті үрдістерін талқылау және тиімді педагогикалық тәжірибелерді таныстыру алаңына айналды.

Колледждің «Музыкалық білім беру» бөлімшесінің Воркшоп қатысушыларына арналған музыкалық құттықтауы іс-шараның мазмұнын аша түсті.

Воркшоптың теориялық бөлімінде екі тақырыптық секция жұмысы аясында Шет тілдері колледжі, Теміртау жоғары политехникалық колледжі, Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі, Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі, Саран техникалық колледжі, Теміртау техникалық колледжі, Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжі, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетініңҚарағанды инновациялық технологиялар колледжі, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі педагогтері өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.

Воркшоптың практикалық бөлімінде Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі, Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі, Абай көпсалалы колледжі және Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжі ағылшын тілі оқытушылары шеберлік сабақтарын өткізді.

Воркшоп кәсіби өзара іс-қимыл жасауға, педагогикалық тәжірибені таратуға және жаңа цифрлық құралдарды меңгеруге арналған тиімді алаңға айналды. Ұсынылған тәжірибелер педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамытуға және ТжКБ ұйымдарындағы білім беру процесінің сапасын арттыруға ықпал етеді.

Воркшоп жұмысына 25 педагог қатысты.