Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары студенттеріне арналған химия және биология бойынша облыстық олимпиада
13-11-2026 17:04
Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары студенттеріне арналған химия және биология бойынша облыстық олимпиада

2026 жылғы 12 қарашада Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК базасында Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бірінші курс студенттері арасында химия және биология пәндерінен облыстық олимпиада өткізді.

Олимпиада «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын, сондай-ақ «Еңбегі адал – жас өрен», «Ұшқыр ой алаңы» және «Таза Қазақстан» жобаларын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – ғылыми білімді насихаттау, студенттердің химия және биология пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру және дарынды жастарды анықтау.Олимпиадаға өңірдің 34 колледжінен 65 студент қатысты.

Олимпиада күндізгі форматта өтті:

I тур: жазбаша тапсырма, ол 5 тест сұрағынан, жаратылыстану-ғылыми сауаттылыққа арналған 3 толық жауапты қажет ететін сұрақтан және 2 тәжірибеге бағдарланған есептен тұрды.

II тур (практикалық): тәжірибелік тапсырмаларды орындау және зерттеу/лабораториялық жұмыс дағдыларын тексеру.

Студенттерге арналған сайыс сынақтарынан басқа, іс-шара бағдарламасына психологиялық тренинг («PROресурс: эмоционалдық қайта жүктелу») пен жастар тимбилдингі енгізілді.Олимпиада қорытындысы бойынша екі бағыт бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды: 

«Химия» бағыты

I орын:

Гура Максим («Теміртау жоғары медициналық колледжі» ЖММ, жетекшісі: Щеглова Н.В.)

Жақсылық Абылай («Теміртау техникалық колледжі» КМҚК, жетекшісі: Сисенбаева Н.Ж.)

II орын:

Ганшу Андрей («Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, жетекшісі: Акмалова И.М.)

Сериков Владимир («Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК, жетекшісі: Жантурина Д.К.)

III орын:

Шим Эвелина («Фемида» жоғары колледжі» ЖШС, жетекшісі: Косдаулетова А.М.)

«Биология» бағыты

I орын:

Бектегенов Улан («Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КМҚК, жетекшісі: Серикбаева К.А.)

Иванова Алина («Теміртау жоғары медициналық колледжі» ЖММ, жетекшісі: Кызылбаева Б.К.)

II орын:

Мифтахова Изабелла («Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі» КМК, жетекшісі: Чангариди Д.П.)

III орын:

Михель Марьяна А. («Қарағанды жоғары медициналық интерколледжі» ЖММ, жетекшісі: Канафия К.Е.)

Дәріғұл Аружан («Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК, жетекшісі: Ильяшева Ш.А.)

Темірбек Назира («Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖШМ, жетекшісі: Балабаева Қ.Ш.)

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен марапатталды, ал шекті балды еңсерген қатысушылар ҚО БДО ОӘО сертификаттарымен марапатталды.