«Балқаш жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК-нің «Vision – жас реабилитолог» командасы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткен «INNOVATION AI HACKATHON–2026» республикалық чемпионатында І орынға ие болды!
Жоба тақырыбы:
«Rehab AI Vision» – жасанды интеллект және компьютерлік көру технологияларына негізделген интеллектуалды оңалту тренажері.
Бұл жоба – заманауи технологиялар мен медицинаны ұштастыратын, оңалту үдерісіне инновациялық шешімдерді енгізуге бағытталған болашағы зор бастама.
Команда жетекшісі:педагог-зерттеуші, арнайы пәндер оқытушысы Мылтықбаева Аягөз Төребекқызы.
Команда мүшелері:
- Айтжанова Каракат Нурболовна
- Бекетова Мадина Бериковна
- Сейтжанов Арсылан Толегенович.
Сіздерге алдағы уақытта толағай табыстар, тың идеялар мен жаңа биік белестерді бағындыруды тілейміз!
Инновациялар – болашаққа бастар жол! Біз сіздермен мақтанамыз!





umc.krg@karagandyedu.kz



