Размер шрифта:
Сәттілік симфониясы» педагогикалық шеберлік байқауының бірінші кезеңі өткізілді
18-11-2026 18:00
Сәттілік симфониясы» педагогикалық шеберлік  байқауының бірінші кезеңі өткізілді

2026 жылғы 12 және 16  қарашада Оқу-әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен орыс тілі және әдебиеті,  ағылшын тілі мұғалімдері арасында «Сәттілік симфониясы» педагогикалық шеберлік байқауының бірінші кезеңі өткізілді. Байқаудың алғашқы «Өзін-өзі таныстыру»  кезеңіне барлығы 44 педагог қатысты. Оның ішінде 20 педагог орыс тілі және  әдебиеті пәнінің, 24 ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері. Байқауға қатысушылар бес минут ішінде еркін форматта өздерін таныстырып, педагогикалық қызметтерінің негізгі бағыттарын, өзекті мәселелерін, алға қойған міндеттері мен қол жеткізген нәтижелерін баяндады. Әрбір қатысушы өзінің кәсіби тәжірибесін, шығармашылық ізденісін және педагогикалық ұстанымын көрсете білді. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша өзін және педагогикалық имиджін лайықты таныстырған барлық қатысушы байқаудың екінші кезеңіне жолдама алды. Байқаудың алғашқы кезеңі педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына, шығармашылық әлеуетін танытуына және өзіндік педагогикалық ерекшеліктерін көрсетуіне мүмкіндік берген маңызды алаңға айналды. Қазылар алқасы орыс тілі және әдебиетінің мұғалімдері - Ляуденскайте Марите Миколо, Званько Кристина Константиновна, Давыдова Татьяна Сергеевнаны ерекше атап өтті, ағылшын тілінің мұғалімдері арасында - Амангелдинова Рысалды Рымбековна, Батырханқызы Сабина, Каргулова Эльмира Саятовна үздік атанды. Екінші кезеңге өткен педагогтерді жеңістерімен құттықтаймыз!