2026 жылдың 17 қарашасында Қарағанды облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында жаратылыстану ғылымдары бағыты бойынша «Ең үздік авторлық оқу бағдарламасы» атты республикалық байқаудың облыстық кезеңі өтті.
Байқауға Теміртау, Шахтинск, Қарағанды және Балқаш қалаларынан; Бұқар жырау, Абай және Қарқаралы аудандарынан; сондай-ақ Жамбыл, Нұрмақов және «Озат» мамандандырылған интернат-лицейлері мен № 2 интернат-лицейден барлығы 29 педагог өтінім берді.
Ұсынылған материалдарды бағалау бірыңғай өлшемдер жиынтығы негізінде жүргізілді: педагогикалық орындылығы; тақырыптың өзектілігі мен жаңалығы; автордың өзіндік тәсілі; мақсаттар мен міндеттердің нақтылығы; мазмұнның жүйелі құрылымы; күтілетін нәтижелер және оларды бағалау әдістері; бағдарламаның оқу процесінде қолдануға жарамдылығы; оның оқушылардың шығармашылық, сыни, зерттеушілік және жобалық дағдыларын дамытуға бағытталуы; сондай-ақ цифрлық білім беру ресурстары мен жасанды интеллект құралдарының кіріктірілуі.
Байқау ережесінің талаптарына сәйкес, аймақтық кезеңнің жеңімпаздары:
І-орын
Ибраева Меруерт Мұратқызы – «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицейінің (Қарағанды облысы білім басқармасы) химия пәні мұғалімі
ІІ-орын
Келерова Мақпал Шералықызы – Приозерск қаласындағы № 1 жалпы білім беретін мектептің химия пәні мұғалімі
Тойбек Жансая Абзалқызы – Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының биология пәні мұғалімі
Рыспаев Мақсат Төлегенұлы – Қарқаралы ауданы, Бесоба тірек мектебінің (ресурстық орталық) география пәні мұғалімі Тойжан Хадам – № 2 «Білім-инновация» мектебінің география пәні мұғалімі.
ІІІ-орын
Бақтияр Көбестайқызы Зейнетуллина - Саран қаласындағы Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп, география пәнінің мұғалімі,
Ирина Владимировна Красникова - Қарағанды қаласындағы Қ. Нұржанов атындағы гимназия, география пәнінің мұғалімі,
Айнаш Мүйтенқызы Жылқайдарова - Қарағанды қаласындағы Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназия, география пәнінің мұғалімі
Арай Байұзаққызы Қалықова - Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, биология пәнінің мұғалімі
Әсел Саматқызы Салжанова - Бұқар жырау ауданындағы Үштөбе тірек мектебі (ресурстық орталық), химия пәнінің мұғалімі
Светлана Миллиардовна Қайсабекова - Нұра ауданындағы С. Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп, биология пәнінің мұғалімі
Әріптестерімізді құттықтаймыз!!!





umc.krg@karagandyedu.kz

