Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2026 жылғы 17 қарашада ағылшын тілі, тарих, құқық және экономика негіздері мұғалімдеріне арналған «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізді. Облыстық кезеңге педагогтардың 14 авторлық бағдарламасы ұсынылды.
Жұмыстарды сараптау бірыңғай критерийлер бойынша жүргізілді: педагогикалық орындылығы, тақырыптың өзектілігі мен жаңалығы, авторлық ерекшелігі, мақсат пен міндеттердің нақтылығы, мазмұнның жүйелілігі, күтілетін нәтижелер мен оларды бағалау жолдары, білім беру процесінде қолдану үшін бағдарламаның жарамдылығы, білім алушылардың шығармашылық, сыни, зерттеу және жобалық дағдыларын дамытуға бағытталуы, сондай-ақ цифрлық білім беру ресурстары мен жасанды интеллект.
Байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздары:
1 орын - Баймухатова Бакыт Хажиумуратовна,«Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернат» КММ тарих пәнінің мұғалімі, Қарағанды облысы;
1 орын - Туткушева Багдат Толегеновна , «Ж.Ақпаев атындағы мектеп-гимназия» КММ ағылшын тілі мұғалімі, Шет ауданы;
2 орын - Табынбекова Мейрамгуль Амирбековна, «Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернат» КММ тарих пәнінің мұғалімі, Қарағанды облысы;
3 орын – Алипбекова Зере Жаксылыковна, «Абай Құнанбаев атындағы мектеп-гимназия» КММ тарих пәнінің мұғалімі, Абай ауданы;
3 орын – Байжаканова Айгерим Канатовна, «Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернат» КММ ағылшын тілі мұғалімі, Қарағанды облысы;
3 орын - Керимова Зибейда Авазовна, «№ 12 жалпы білім беретін мектеп» КММ ағылшын тілі мұғалімі, Шахтинск қаласы.
Байқаудың барлық қатысушылары сертификаттармен марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық педагогтарға байқауға қатысқандары, шығармашылық ізденістері мен кәсіби шеберліктері үшін алғысымызды білдіреміз!





umc.krg@karagandyedu.kz

