Облыстық педагогикалық олимпиада
23-11-2026 10:54
Облыстық педагогикалық олимпиада

2026 жылғы 20 қарашада педагогикалық кластер жұмысы аясында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің педагогикалық факультетімен бірлесіп, мектеп оқушылары мен педагогикалық колледждердің білім алушылары арасында облыстық педагогикалық олимпиада өткізді.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарының бітіруші сыныптарының неғұрлым белсенді және дарынды білім алушыларын, сондай-ақ колледж білім алушыларының пәндік білімі мен дағдыларының деңгейін, олардың кәсіби-педагогикалық қызметте қажетті кәсіби құзыреттіліктерінің қалыптасуын анықтау жәнеқолдау.

Олимпиадаға қатысушылар екі санат бойынша бірікті: жалпы білім беретін мектептердің 9–11 сынып оқушылары және педагогикалық колледждердің 1–2 курс студенттері.

Олимпиадаға қатысу үшін барлығы 145 өтінім келіп түсті.

Олимпиада қатысушылардың зияткерлік, шығармашылық және кәсіби әлеуетін ашуға бағытталған үш кезеңнен тұрды.

Бірінші кезеңде қатысушылар мұғалім мамандығын зерделеу, кәсіби бейімділік және болашақ педагогикалық қызмет туралы жеке көзқарастарын білдіруге арналған тақырыптар бойынша эссе ұсынды. Ұсынылған эсселерді бағалауды қамтыған бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 33 қатысушы жоғары нәтиже көрсетіп, олимпиаданың екінші және үшінші кезеңдеріне қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Екінші кезең жалпы педагогика бойынша тестілеу форматында өтіп, қатысушылар педагогикалық теория саласындағы білімдерін көрсетті.

Үшінші кезеңде мектеп оқушылары «Білім формуласы» зияткерлік тапсырмасын орындаса, педагогикалық колледждердің студенттері бірнеше оқу пәнін кіріктіре отырып, педагогикалық шешім әзірлеуді көздейтін «3 пән – 1 сабақ» олимпиадалық кейсін шешті.

Олимпиада қорытындысы бойынша екі санатта жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:

- педагогикалық колледждердің студенттері арасында:

1 орын – Бөде А., «Ә. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК, жетекшісі Сыйырбаева З.А.;

2 орын – Ғалымжан Д., «Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжі» ЖММ, жетекшісі Туганбаева А.К.; Мекенбаева С., «Теміртау көпсалалы «Мирас» колледжі» ЖММ, жетекшісі Паныгина И.В.;

3 орын – Ержанқызы А., «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК, жетекшісі Орынбасарова Ж.У.; Жармен А., «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК, жетекшісі Копишева А.Д.; Павлова С., «Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжі» ЖММ, жетекшісі Демченко А.В.

- мектеп оқушылары арасында:

1 орын – Амантай А., Бұқар жырау ауданының «Шешенқара жалпы білім беретін мектебі» КММ, жетекшісі Әлжан А.Ж.;

2 орын – Адишева М., Бұқар жырау ауданының «Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ, жетекшісі Какенова Ж.Ж.; Жұмаш Е., Балқаш қаласының «Әлихан Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ, жетекшісі Алгадаева Г.С.;

3 орын – Джайлова Д., Қарағанды қаласының «№59 жалпы білім беретін мектебі» КММ, жетекшісі Ануфиева А.Г.; Шакенова А., Қарағанды қаласының «Н. Әбдіров атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ, жетекшісі Аманғали А.Б.; Бурцева Д., «№14 мектеп-лицейі» КММ, жетекшісі Дорохина Е.Н.

Олимпиаданы өткізу жастардың танымдық белсенділігін, шығармашылық ойлауын дамытуға және педагогикалық мамандықты саналы түрде таңдауға деген көзқарасын қалыптастыруға ықпал ететін маңызды алаңға айналды.

Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Олимпиаданың барлық қатысушыларына электрондық сертификаттар табысталады.