Размер шрифта:
«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауының облыстық кезеңі
23-11-2026 17:35
«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауының облыстық кезеңі

2026 жылғы 17 қарашада Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығында «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқауды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырады.

Байқаудың мақсаты – авторлық бағдарламалар әзірлейтін үздік педагогтердің озық тәжірибесін анықтау, тарату, сондай-ақ білім беру жүйесіне оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық әдістерін енгізуге ықпал ету.

Облыстық кезеңге бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілерінен 15 өтінім түсті.

Әрбір қатысушыға өз авторлық бағдарламасын таныстыру үшін 5 минут және қазылар алқасының сұрақтарына жауап беру үшін 2 минут уақыт берілді. Жұмыстар 3 балдық жүйе бойынша бағаланды. Бағалау барысында бағдарламаның рәсімделуі, рецензиясының болуы, педагогикалық мақсатқа сәйкестігі, өзектілігі, жаңашылдығы және өзіндік ерекшеліктері ескерілді.

Байқау ережесінің талаптарын сақтап, өздерінің авторлық идеяларын ұсынған келесі педагогтер жүлделі орындарға ие болды:

II орын:

- Тарасова Лариса Анатольевна, Теміртау қаласы, «Бірінші Теміртау классикалық лицейі» КММ.

IІI орын:

- Башагийн Жаңыл Хумарбекқызы, Шахтинск қаласы, «Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицей» КММ;

- Ибратуллова Индира Акылбаевна, Бұқар жырау ауданы, «Ботақара жалпы білім беретін мектебі» КММ;

- Акмагамбетова Акшегуль Мажитовна, Қарағанды қаласы, «Сәкен Сейфуллин атындағы гимназия» КММ;

- Смагулова Гульнар Дакеровна, Ақтоғай ауданы, «Сарышаған кентіндегі жалпы білім беретін мектеп» КММ.

- Ашыкбаева Арна Женискызы, Қарағанды қаласы, «№19 ЖОББМ» КММ

Барлық қатысушыларға шығармашылық ізденістері мен белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз! Жүлдегерлерді жетістіктерімен құттықтап, алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен кәсіби жетістіктер тілейміз!