Размер шрифта:
«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының облыстық кезеңі қорытындыланды
23-11-2026 17:45
«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының облыстық кезеңі қорытындыланды

2026 жылғы 19 қарашада Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді. Іс-шараның басты мақсаты — инновациялық білім берудің авторлық бағдарламаларын әзірлейтін және енгізетін педагогтер мен басшылардың озық тәжірибесін анықтау, қолдау және тарату.Байқау дәстүрлі түрде білім беру сапасын арттыруға бағытталған өздерінің авторлық бағдарламалары мен басқарушылық шешімдерін ұсынған облыстың бастамашыл әрі шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтері мен басшылардың басын қосты.

Конкурс қорытындысы бойынша «Білім берудегі менеджмент жүйесі» бағытында келесі қатысушылар марапатталды:

II дәрежелі дипломмен:

Жапабаева Меруерт Секербаевна,  Абай ауданы «Ақбастау жалпы білім беретін орта мектебі» КММ директоры;

Сураубай Гүлжан, «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі» КММ директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары.

III дәрежелі дипломмен:

Садық Жанар Тлеуқабылқызыжәне Абдикамалова Қаракөз Қайратовна, Қарағанды қаласы «№15 жалпы білім беретін мектебі» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары;

Анафина Лаура Зейнуллаевна, «Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

Қалықова Арай Байұзаққызы, «Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары.

Басқа қатысушыларға облыстық кезеңге қатысқаны үшін сертификат беріледі.

Жүлдегерлер мен қатысушыларды өздерінің педагогикалық тәжірибелерін лайықты деңгейде бөлісулерімен құттықтаймыз! Жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!