«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының облыстық кезеңі қорытындыланды
24-11-2026 10:37
«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының облыстық кезеңі қорытындыланды

   2026 жылғы 19 қарашада Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді. Іс-шараның басты мақсаты — инновациялық білім берудің авторлық бағдарламаларын әзірлейтін және енгізетін педагогтердің озық тәжірибесін анықтау, қолдау және тарату.Байқау дәстүрлі түрде білім беру сапасын арттыруға бағытталған өздерінің авторлық бағдарламалары мен білім сапасын арттыруға арналған шешімдерін ұсынған өңірдің бастамашыл әрі шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерінің басын қосты.

Конкурс қорытындысы бойынша «Қоғамдық гуманитарлық бағыт» (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті) бойынша  келесі қатысушылар марапатталды:

I дәрежелі дипломмен:

Тилеубаева Камшат Олжасовна, Қарағанды облысы Жамбыл атындағы ММЛИ.

II дәрежелі дипломмен:

Амралина Куралай Айткеновна, Абай ауданы; «Ыбырай Алтынсарин атындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ;

Кубекова Куралай Тулепбергеновна, Қарағанды қаласы; «Шәкәрім атындағы гимназиясы» КММ;

Жақсыбекова Роза Минзакирқызы, Шет ауданы «Ж. Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі.

III дәрежелі дипломмен:

Рысбекова Гульманат Отыншиевна,  Қарағанды облысы «Озат»ММЛИ» КММ;

Жапбаркулова Айнұр Турганбековна, Қарағанды қаласы; «Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ;

Сабиолдина Анар Кенесбекқызы, Шахтинск қаласы; «С Асфендияров атындағы ЖББМ»КММ;

Алькулова Динара Ерғалиқызы, Бұқар жырау ауданы «Т. Бигелдинов атындағы негізгі мектеп» КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі.

Басқа қатысушыларға облыстық кезеңге қатысқаны үшін сертификат беріледі.

Жүлдегерлер мен қатысушыларды биік жетістіктерімен құттықтаймыз! Еңбекте абыройлы жетістіктер тілейміз!