2026 жылдың 23–24 қарашада Астана қаласында Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына арналған «Ыбырай Алтынсарин мұрасынан болашақтың жасыл мектебіне: білім, ғылым және орнықты даму» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияға Қарағанды облысының педагогтері қатысып, өз жұмыс тәжірибесімен бөлісті:
Варганова Елена Петровна — Теміртау қаласы, «№ 16 жалпы білім беретін мектебі» КММ, экология пәнінің мұғалімі, бейіндік оқыту жөніндегі директордың орынбасары.
Тақырыбы: «Жасыл мектеп: болашаққа арналған мектептегі білім берудің орнықты экожүйесі».
Султанов Жанболат Бейбітұлы — Бұқар жырау ауданы, «Үштөбе тірек мектебі» КММ, биология пәнінің мұғалімі.
Тақырыбы: «Мектеп ауласынан ғылыми зертханаға: жасыл білім берудің жаңа мүмкіндіктері».
Конференцияны Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергеновна ашты. Сондай-ақ конференцияға шетелдік қонақтар қатысты: доктор Рашед Мустафа Сарвар — ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі, Стативкина Анна Вячеславовна — ЮНИСЕФ-тің климат мәселелері жөніндегі жобалар үйлестірушісі, Грачева Юлия Александровна — ЮНИСЕФ-тің «жасыл» мектеп стандарттары жөніндегі халықаралық сарапшысы, Валиева Муаттер Дильмуратовна — ЮНИСЕФ-тің климат және қоршаған орта жөніндегі ұлттық кеңесшісі.





umc.krg@karagandyedu.kz




