Размер шрифта:
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАРАФОН: КӘСІБИ ИДЕЯДАН ЦИФРЛЫҚ ОҚУ МАТЕРИАЛЫНА ДЕЙІН
26-11-2026 18:35
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАРАФОН: КӘСІБИ ИДЕЯДАН ЦИФРЛЫҚ ОҚУ МАТЕРИАЛЫНА ДЕЙІН

2026 жылғы 26 қарашадаҚарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының басшылығымен Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің базасында «Педагогтің қайта жаңғыруы» атты облыстық педагогикалық марафон өтті. Іс-шара «Даму» шеберлер мектебі» жобасын іске асыру және «Педагогтердің кәсіби дамуы» бағыты аясында ұйымдастырылды.

Марафонға облыстың педагогикалық колледждерінің 33 педагогі, сондай-ақ «01140100 – Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша білім алатын студенттер қатысты.

Марафонның мақсаты – заманауи педагогикалық және цифрлық технологияларды қолдану тәжірибесін жинақтау және тарату, оқу материалдарын әзірлеу және әдістемелік әзірлемелермен алмасу.

Іс-шараның басты ерекшелігі оның практикалық бағыттылығында болды. Марафонның жауапты ұйымдастырушылары ретінде Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушылары И.Г. Лопатко, Н.Ф. Рыбинцева және М.К. Аманжолова қатысты. Олар «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы өткізген «Білім берудегі заманауи технологиялар: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы жалпы білім беру пәндері педагогтерінің құзыреттілігін арттыру» білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары болып табылады.

Курстан кейінгі сүйемелдеу аясында педагогтер алған білімдері мен меңгерген тәсілдерін тәжірибеде қолданып, марафонның мазмұны мен ұйымдастырылуына STEM-технологиялар мен заманауи цифрлық құралдарды кіріктірді. Курстың тренері, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ТжКОБ бөлімінің басшысы А.А. Кнашина іс-шараға әдістемелік сүйемелдеу көрсетіп, курстан кейінгі сүйемелдеу жоспарына сәйкес педагогтердің жұмыстарын бағалады.

Марафон бағдарламасы үш негізгі станцияны қамтыды:

  • «Шеберлік сабақтары»– білім беру үдерісіндегі әдістемелік және цифрлық құралдарға арналды;
  • «Ақыл-ой додасы»– педагогтер мен студенттерді зияткерлік командалық ойынға біріктірді;
  • «Тәжірибе алмасу»– авторлық әдістемелік әзірлемелер мен педагогикалық тәжірибелерді таныстыру алаңына айналды.

Марафон педагогтердің кәсіби өзара іс-қимылы, тәжірибе алмасуы және білім беру үдерісіне инновациялық тәсілдерді енгізу бағытындағы нәтижелі алаңға айналып, біліктілікті арттыру курстары мен курстан кейінгі сүйемелдеудің практикалық нәтижелерін көрсетті.