АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ
27-11-2026 17:54
АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ

27 қарашада Қарағанды облысы білім басқармасының «№10 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ базасында туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балаларды ерте қолдау қызметтерін ұйымдастыру және дамыту бойынша семинар-практикум өтті.

2025 жылдан бастап мұндай қызметтер Қарағанды, Шахтинск және Саран қалаларындағы үш түзету кабинеті базасында жұмыс істейді. Олардың ашылуы «Дара» қоры мен «Шеврон» компаниясының қолдауымен «Мүмкіндіктер уақыты» жобасының арқасында мүмкін болды.

Іс-шараға психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің, оңалту орталықтарының және Аутизм орталығының директорлары, әдіскерлері мен педагогтері қатысты.

Қатысушыларға ерте көмек көрсетудің ұйымдастырушылық-әдістемелік негіздері, сөйлеуді, сенсорлық және қарым-қатынас дағдыларын дамытудың ойын технологиялары, сондай-ақ отбасылармен өзара әрекеттесу тәсілдері таныстырылды. Практикалық блокқа шеберлік сыныптары, алғашқы қабылдау тәртібімен және бала дамуын бағалау әдістерімен танысу, эмоционалдық күйзелістің алдын алу тренингі мен түзету кабинеті бойынша экскурсия кірді.

Семинар кәсіби қарым-қатынас жасау, өзекті мәселелерді талқылау және балалар мен олардың отбасыларын қолдау тәжірибесін жетілдіру алаңына айналды.