«ҮЗДІК ТАРИХШЫ - 2026» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
27-11-2026 17:57
«ҮЗДІК ТАРИХШЫ - 2026» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Қарағанды облысы білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттардың тарих пәні мұғалімдері арасында «Үздік тарихшы-2026» облыстық байқауының іріктеу кезеңін қорытындылады. Байқау тарих пәні мұғалімдерінің кәсіби өсуін ынталандыру және әдістемелік шеберлігін арттыру мақсатында жыл сайын өткізіледі. Байқауға 5 педагог қатысты. Мұғалімдерге «Таныстыру» («Визитная карточка»), тарихи тұлғаларды сахналау және «TEDx» форматы арқылы шешендік өнерді көрсету тапсырылды.

«TEDx» келесі критерийлер бойынша бағаланды: сөйлеген сөздің мәлімделген тақырыпқа сәйкестігі, тақырыптың толық ашылуы, өзектілігі, жаңалығы, өзіндік ерекшелігі, шығармашылық даралықтың көрінуі.

Іріктеу байқауына қатысқандар:

Тобаназаров Нағашыбай Маратұлы, «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ тарих пәні мұғалімі

Жиенбаева Әсел Рыспайқызы, «Музыкалық мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ тарих пәні мұғалімі

Надиркулова Жанар Жүсіпбекқызы, «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ тарих пәні мұғалімі

Сембеков Әлібек Нұратаұлы, «Инновациялық технологиялар мамандандырылған мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі

Жамекова Әсел Серікқызы, «№2 Білім-инновация» лицей-интернаты» КММ тарих пәні мұғалімі

«Үздік тарихшы - 2026» облыстық байқауының финалисі Жамекова Әсел Серікқызы, «№2 Білім-инновация» лицей-интернаты» КММ тарих пәні мұғалімі атанды.