2016 жылғы 20-21 маусымда Қарағанды облысы білім басқармасының бастамасымен «Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру» тақырыбында оқыту семинар-тренингі өткізілді.
2016 жылғы 20-21 маусымда Қарағанды облысы білім басқармасының бастамасымен«Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру» тақырыбында оқыту семинар-тренингі өткізілді. Семинарға Мәскеу қаласы инклюзивті білім беруді дамыту Ресурстық орталығының басшысы, психологиялық ғылым кандидаты, доцент Самсонова Елена Валентиновна қатысты.
Семинарға Қарағанды облысының аудандық,қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, басшылар және стажерлік алаңдардың педагогтері қатысты.
Семинар қатысушылары инклюзивті білім беру үдерісінің бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етілуі, инклюзивті білім беруде педагогтерді даярлау мен қолдау сұрақтары талқылады.
Іс-шара Қарағанды қаласы «№15 ЖББОМ» КММ-нің акт залында өткізілді.