2016 жылдың 11 тамызы күні Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында «Жаңа білім беру стратегиясын басқару білім берудің өзекті мәселелері» тақырыбында аудандық/қалалық білім бөлімдерінің басшылары мен әдістемелік кабинет меңгерушілерінің курсы басталды.
Курсты ББД ОӘО директоры Г. Қожахметова ашып, өз баяндамасында Қазақстанда білім беруді дамыудың негізгі көріністері және білім беру реформасы не үшін керек деген мәселеге аса тоқталып өтті.
«Білім беру жүйесіндегі медиация» тақырыбы бойынша «Жанжалдарды шешу оталығы - Диалог» ЖМ , «Озарение» СФ директоры Т. Савицкая дәріс оқыды. «Жеткіншектер мен балалар арасындағы аутодеструктивтік мінез-құлықтың алдын-алу» тақырыбы бойынша Қарағанды облысының ОПНД психиатры, психотерапевті, суицидологы Б. Кундакбаев әңгімелеп берді.
Алдымыздағы екі күнде курсқа қатысушылар «Қазақстанда білім беру мазмұнын жаңарту», «Заманауи әлемдегі білім беру мәселелері», «Білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттары», «Тайм – менеджмент»,«Khan Academy білім беру платформасы», «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын-алу», «Дінтанудың негізгі мәселелері» тақырыптары бойынша дәріс тыңдайтын болады.