2016 жылдың 13 тамызында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында «Заманауи колледждерді басқарудың өзекті мәселелері» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларына арналған оқу курсы аяқталды.
Курс қазіргі заман колледжіндегі сұранысқа ие сапалы білімді игерту жолында ТжКБ ұйымдары басшыларының табысқа жету жолын дамыту, басқару қызметіндегі тәжірибесін көтеру мақсатында жүргізілді.
Курстың кіріспе бөлімінде Қарғанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы директорының ТжКБ жөніндегі орынбасары Асакаева Д.С. «Колледжді дамытудың стратегиялық жоспары» тақырыбында баяндама жасады.
1. «Қақтығыс: түсінігі, белгілері, септері, түрлері». 2.«Қақтығысты шешудің әдістері». 3. «Медиация жайлы түсінік, принциптері мен артықшылықтары». 4. ҚР «Медиация туралы» заңы тақырыптарында Т. И. Савицкая дәріс оқыды.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларына арналған курсқа қатысушы директорлардың жалпы саны – 52, оның ішінде мемлекеттік колледждерден – 38, мемлекеттік емес колледждерден – 14.
Оқу курсы 24 академиялық сағатқа созылды, курс соңында ТжКБ басшылары сертификаттарға ие болды.