Размер шрифта:
«Өзін - өзі тану» пәні бойынша рухани-адамгершілік бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында 21-24 тамыз аралығында семинарлар жүйесі өткізіледі
22-08-2016 12:17
«Өзін - өзі тану» пәні бойынша рухани-адамгершілік бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында   21-24  тамыз аралығында семинарлар жүйесі өткізіледі

      «Өзін - өзі тану» пәні бойынша рухани-адамгершілік бағдарламаларын жүзеге асыру, әдістемелік кеңес беру, жасөспірімдер мен осы сала оқытушыларын қолдау мақсатында   21-24  тамыз аралығында семинарлар жүйесі өткізіледі.

     Дөңгелек үстел  қатысушылары: «Бөбек» адамның үйлесімді даму институтының қызметкерлері Аршагуль Клышбековна Рысбаева, Мариям Хайсеевна Ишимова, Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының, Қарағанды облысы білім басқармасының, Қарағанды қаласы «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру институтының, Қарағанды, Теміртау, Саран қалалары білім бөлімдерінің, пилоттық жүйедегі білім беру ұйымдары, жалпы білім беру мектептерінің өкілдері.

     Семинардың алғашқы күнінде қатысушылар Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында бағдарламалар жайын талқылады.