Размер шрифта:
2016 жылдың 23 тамызы инновациялық мектеп директорлары, облыстық мамандандырылған мектеп-интернат директорларының орынбасарлары секциясының жұмысы өтті.
23-08-2016 11:10
2016 жылдың 23 тамызы  инновациялық мектеп директорлары, облыстық мамандандырылған мектеп-интернат директорларының орынбасарлары секциясының жұмысы өтті.

          Секцияның жұмысы Қарағанды облысы білім беру қызметкерлерінің «Білімді ел – мәңгі ел» атты тамыз кеңесі шеңберінде  «Инновациялық менеджмент білім беру мазмұнын жүйелі жаңарту аясында  басқару сапасын арттырудың негізі ретінде» тақырыбында  өтті.

         Мектеп басшылары жаңа оқу жылындағы жұмыстың негізгі бағыттарымен танысты, ақылдылар талқысы, «Қазіргі заман мектебі қандай болу керек» рөлдік ойыны кезінде инновациялық менеджменттің өзекті мәселелерін талқыға салды.

          ҰБТ  мен  мектеп түлектерінің қорытынды аттестаттауының жаңа форматы туралы,  «2016-2017 оқу жылында ҚР жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік-нұсқау хаты туралы ақпарат берілді.

         Секция жұмысына Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған  мектеп-интернаты, Қарағанды қаласының №93 гимназия оқушыларының ата-аналары да қатысып, мектеп пен отбасы ынтымақтастығын нығайту мәселелері бойынша өз ойларымен бөлісті, педагогтерге жаңа оқу жылы қарсаңында өз жылы тілектерін білдірді. 

         Рефлексия парақтарынан:

     ·  Өте маңызды сұрақтар талқыланды. Секция жұмысы жаңаша мазмұнда өтті.

     ·  Секциялық жұмысы өте жоғары деңгейде өтті. Әсіресе, өткізілу формасының әртүрлілігі. Көтерілген сұрақтардың өзектілігі де көңілімнен шықты.

     ·  Жұмыстарыңызға сәттілік! Барлығы көңілімізден шықты. Рахмет!

     ·  Бүгінгі конференция өте ұнады. Барлық сұрақтар бойынша нақты жауаптар алынды.

     ·  Өзекті мәселелер айтылды, талқыланды. Өте жақсы ұйымдастырылған. Осы бағытта жұмысқа байланысты мәселелер жиі талқыланса. Заңдарға талдау жасалса.

     ·  Оқу-әдістемелік орталық ұжымына рахмет. Бүгінгі өткен жиналысымыз өте маңызды. Біз үшін пайдалы өтті. Осындай отырыстар жиі болып тұрса, нұр үстіне нұр болады.

     ·  Бүгінгі қызықты да, мәнді өткен кеңес биылғы жетістігі мол оқу жылының басы деп ойлаймын.

Бүгінгі отырыста өте өзекті мәселелер талқыланды. Маған ұнады. Ата-аналар қамтылған.